көрсетілдіМектебімізде 9–10 сынып оқушыларына арналған профилактикалық бағыттағы «Закладчик. Мать…» атты бейнефильм көрсетілді.
Аталған бейнематериалдың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі қылмысының алдын алу, «закладчик» ұғымының қауіптілігі мен оның құқықтық және өмірлік салдарын түсіндіру.
Бейнефильм барысында есірткі тасымалдау мен таратуға қатысудың адам тағдырына, болашағына ғана емес, ең алдымен ана жүрегіне қандай ауыр соққы әкелетіні терең әрі әсерлі түрде көрсетілді. Фильм оқушыларды заңсыз әрекеттерден сақ болуға, жеңіл жолмен ақша табудың арты қайғылы жағдайларға әкелетінін ұғынуға бағытталды.
Көрсетілім соңында оқушылармен түсіндірме әңгіме жүргізіліп, заң алдындағы жауапкершілік, жеке таңдау мен оның салдары туралы ойлар айтылды.
Іс-шара жасөспірімдерді заңға бағынуға, саналы шешім қабылдауға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Алдын алу – қауіпсіз болашақ кепілі.





