
«Жыл үздігі» жобасы аясында бастауыш сыныптар арасындағы қорытынды ІІ айналым 2-сыныптарға арналған «IQ ARENA» интеллектуалды сайысымен басталды. Сайысқа 2-сыныптардан барлығы 4 топ, 20 оқушы қатысты.
Интеллектуалды дода 4 кезеңнен тұрды. Осы кезеңдердің қорытындысы бойынша 2 «А» сыныбынан құралған «Жұлдыздар» тобы үздік атанып, Бас жүлдені иеленсе, осы сыныптың «Қырандар» тобы жүлделі І орынға табан тіреді. Сонымен қатар, 2 «Ә» сыныбынан құралған «Сұңқар» тобы ІІ орынды, ал осы сыныптың «Болашақ» тобы ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Жүлдегер топтарды жеңістерімен құттықтаймыз!





