«Өнегелі 15 минут» «Мен жауапкершілікті баламын»

«Өнегелі 15 минут» аясында
тақырыбында 7 «Ә» сыныбында жауапкершілікке байланысты іс-шара өтті. Іс-шараны ата-ана Оразалиева Мөлдір Есетқызы өткізді. Оқушылар жауапкершіліктің отбасыда, мектепте және қоғамда маңызды қасиет екені туралы ой бөлісіп, өз міндеттерін дұрыс орындаудың адамды жетістікке жетелейтінін түсінді. Іс-шара барысында жақсы мінез, уәдеге беріктік және өз ісіне ұқыптылық – нағыз жауапты тұлғаның белгісі екені айтылды. Ата-ана Оразалиева Мөлдір дефектолог маманы ретінде кішігірім нейрожаттығу өткізді. Сабақ барысында оқушыларға түрлі түстер жазылған немесе көрсетілген карточкалар ұсынылды. Тапсырма бойынша оқушылар көрсетілген түсті шатаспай атады. Кей жағдайда жазылған сөздің мағынасын емес, боялған түсін айту тапсырылды.Ойын барысында балалардың зейіні, реакция жылдамдығы және өзін бақылау қабілеті белсенді түрде дамытылды. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытты. Кейбір балалар бастапқыда шатасқанымен, қайталау арқылы дұрыс жауап беру деңгейі артты. Зейін тұрақтылығы мен ойлау шапшаңдығында оң өзгерістер байқалды.
Бұл ойын жүйелі түрде қолданылған жағдайда баланың оқу барысындағы назарын шоғырландыру қабілеті жақсарады.
  • Related Posts

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған…

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 42 views
    Қоғамдық коммуникация орталығы

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 33 views
    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 212 views
    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 44 views
    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    • От aktau
    • 15 июня, 2026
    • 28 views
    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні

    • От aktau
    • 14 июня, 2026
    • 28 views
    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні