04.02.2026 ж.күні мектеп бітіруші түлектер үшін
ұйымдастырылды.
Кездесу барысында университет өкілдері оқу орнының тарихы, материалдық-техникалық базасы, ғылыми жетістіктері және халықаралық байланыстары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар талапкерлерге арналған жеңілдіктер, білім гранттары, академиялық ұтқырлық бағдарламалары жөнінде мәліметтер ұсынылды.
Мамандар ауыл шаруашылығы, ветеринария, агрономия, техника және IT бағытындағы заманауи мамандықтардың маңыздылығына ерекше тоқталып, бұл салалардың болашағы зор екенін атап өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды.






