1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!
Бұл мереке – бірлік пен татулықтың, сыйластық пен құрметтің жарқын көрінісі.
Мектебіміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген барша ұстаздарымызға, қызметкерлерімізге, ата-аналар мен оқушыларымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, әр шаңырақта береке мен бақ орнасын!
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын!







