СҮЙІНШІ! МЕКТЕБІМІЗДІҢ ОҚУШЫСЫ 100 000 ТЕҢГЕ ҰТЫП АЛДЫ! ![]()

Білім мен ынтаның жемісі! Halyk Bank ұйымдастырған «Баға ал да, бонус ал» жобасы аясында мектебіміздің 8 «Ә» сынып оқушысы Жолдасбай Айдын нағыз үздік екенін дәлелдеді.
Айдын өзінің сабаққа деген жауапкершілігі мен күнделікті «бестіктерінің» арқасында 100 000 теңге бонус иегері атанды! 

Бұл — тек қана сәттілік емес, бұл — еңбектің нәтижесі. Біз Айдынды осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда озат болып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.
Жарайсың, Айдын! Мектебің сені мақтан тұтады! 







