22 сәуір күні мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес, 1-4 сынып ата-аналарына арналған мазмұнды дәріс өтті.

Спикерлер: Маширова Зоя және Маширова Фариза
Мақсаты: Ата-аналарға баланың ішкі сезімін түсінуге, эмпатиясын дамытуға және эмоцияны дұрыс басқару жолдарын үйретуге бағытталған әдістемелік көмек беру.
Дәріс барысында ата-аналар тек тыңдап қана қоймай, топтық және жұптық тапсырмаларды белсене орындап, практикалық жаттығулар арқылы бала психологиясына терең бойлады. Өзара тәжірибе алмасу форматында өткен кездесу өте жоғары деңгейде өтті.
Баланың сезімін түсіну — бақытты болашаққа бастар жол! 






