Жаратылыстану онкүндігі аясында 24 сәуір күні информатика пәні мұғалімі Мушаханова Нұржамал Орынбасарқызы 5 «А» сынып оқушыларына
атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар ақпараттық қауіпсіздік негіздерімен танысып, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, компьютер арқылы практикалық жұмыстар жасады.
Цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған бұл сабақ өте қызықты өтіп, оқушылар техникалық құрылғыларды қорғау мен вирусқа қарсы әрекет ету жолдарын іс жүзінде меңгерді. Пән мұғалімі инновациялық әдістерді қолдана отырып, 5-сынып оқушыларының тақырыпқа деген қызығушылығын оята білді.







