2026 жылдың 17 сәуір күні мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында
тақырыбында пікірсайыс өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету және қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын қалыптастыру болды.
Пікірсайыс барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, өз ұстанымдарын қорғады. Бірінші топ ҰБТ-ның әділ жүйе екенін дәлелдеуге тырысты. Олар тестілеудің барша оқушыға бірдей талап қоятынын, бағалау жүйесінің нақты әрі ашық екенін алға тартты. Сонымен қатар, білім деңгейін анықтауда ҰБТ-ның тиімді құрал екендігін атап өтті.
Ал қарсы топ ҰБТ-ның толықтай әділ емес екенін жеткізді. Олар оқушылардың психологиялық күйі, дайындық деңгейінің әртүрлілігі және қосымша дайындыққа (репетитор, курстар) қолжетімділіктің тең еместігі нәтижеге әсер ететінін айтты. Сонымен қатар, бір ғана тест арқылы оқушының білімін толық бағалау қиын екенін мысалдармен дәлелдеді.
Пікірсайыс жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізіп, қарсы тараптың пікіріне сауатты жауап бере білді. Іс-шара соңында әділқазылар алқасы екі топтың да белсенділігін атап өтіп, үздік спикерлерді марапаттады.
Аталған пікірсайыс оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, өз пікірін дәлелдей білу дағдыларын дамытуға үлкен ықпал етті.





