“Болашаққа оң қадам” бастауыш бірлестігінің 10 күндігі аясында 06.02.2026жылы
Тақырыбы: «Даярлық көшбасшысы»
Мақсаты : Балалардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық балалардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
«Даярлық көшбасшы» сайысына мектепалды «А» сыныбынан 3 оқушы, » @Ә»сыныбынан 3 оқушы, екі топ болып сайысты, сайыс қызықты және тартысты өтті . Қорытындылай келе Әділ-қазылар алқасына сөз берілді. Ойынға қатысқан балалардың арасынан көшбасшы анықталып, ол ұпайы ең жоғары сайыскеріміз мектепалды «А»сыныбының оқушысы Нұрадин Қайсарға диплом табыстады. Барлық балаларға белсенді қатысқаны үшін дипломдар берілді.
Бастауыш сынып мұғалімі Аймағанбетова Бағдагүл.





