«Балалар кітапханасы» жобасы аясында
«Мен ұсынатын бір кітап» ашық микрофон алаңы 8-сыныптар арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру және көркем әдебиет арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Сонымен қатар, өз ойларын еркін жеткізуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және кітап сыйлау арқылы ізгілік пен достық қарым-қатынасты нығайту.
Ашық микрофон алаңы барысында оқушылар өздері оқыған сүйікті кітаптарын таныстырып, мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы ой бөліседі. Сонымен қатар, бір-біріне шын жүректен кітап сыйлау арқылы білімге деген құрмет пен ізгі ниетті дәріптейді.
Оқуға құштар ұрпақ – ел болашағының кепілі!





