16.02.2026 жылы «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де айтулы шара өтті. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 3-сынып оқушылары арасында
ұйымдастырылды. ![]()
Іс- шараны: мектеп кітапханашысы: Г. Урунбасарова жүргізді.
Бұл сиқырлы «трамвайға» мінген оқушыларымыз ертегілер әлеміне саяхат жасап, білімдерін сарапқа салды.
Іс-шараның басты мақсаттары:
Танымдық: Оқушыларға ертегілердің сан алуан түрлерін ажыратуды үйрету және халық мұрасымен таныстыру.
Тәрбиелік: Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, жақсы мен жаманды ажыратуға, адалдыққа баулу.
Дамытушылық: Балалардың қиялын ұштап, ойлау, есте сақтау және мәнерлеп сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
Викторина барысында оқушылар жұмбақтар шешіп, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне талдау жасады. Кітапқа деген сүйіспеншілік пен оқуға деген құштарлық оқушылардың көзінен анық байқалды.
«Ертегі — бала қиялының қанаты». Біздің кішкентай оқырмандарымыз бұл күні тек білім алып қана қоймай, қиял әлеміне үлкен саяхат жасады!





