
Мектебіміздің биылғы 8 түлегі де үлкен жауапкершілікпен Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуда. Қаңтар айында өткен алғашқы ҰБТ қорытындысы бойынша мектебіміздің орташа көрсеткіші 79,4 баллды құрады. Әсіресе, жоғары нәтиже көрсеткен шәкірттерімізді мақтан тұтамыз: Кәрім Айбек 111 балл, ал Ақылбекұлы Әмірхан 100 балл жинап, алғашқы белесті бағындырды.
Бұл — тек бастамасы! Біз түлектеріміздің келесі ҰБТ сынақтарында бұдан да жоғары балл алатынына кәміл сенімдіміз. Жақсы нәтиже — мектеп пен отбасының бірлескен еңбегі екені даусыз. Осы орайда, ата-аналармен арнайы кездесу өткізіліп, баланың дайындық барысында неге баса назар аудару керектігі және тиімді дайындық жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Біз бірге биік белестерді бағындырамыз! Түлектерімізге сәт сапар тілейміз! 







