Мектебімізде 25- ақпан күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясындағы «Мен оқыған бір кітап» айналымы бойынша кезекті танымдық шара өтті.
25 ақпан күні 7-сынып оқушылары халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» шығармасын талдап, білімдерін сарапқа салды.
Іс-шараны Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Фаил Ботагөз жүргізді.
Кітап оқуды насихаттау: Оқушылар арасында көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, оқыған шығармаларын талдауға дағдыландыру;
Отансүйгіштікке тәрбиелеу: Шығармадағы ерлік пен батылдық үлгілері арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту;
Интеллектуалды даму: Заманауи технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сыни ойлауын және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Сайыс тартысты 3 кезеңнен тұрды:
І кезең: Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы құрастырылған логикалық сұрақтарға жауап беру.
ІІ кезең: Кітап желісі бойынша «Шындық немесе Жалған» тапсырмасы.
ІІІ кезең: Шығарма мазмұнын бейнелейтін «Пазл» ойыны.
Оқушылардың белсенділігі мен білімі жоғары деңгейде болды. Нәтижесінде:
Жеңімпаз оқушыларды марапаттарымен құттықтаймыз! «Мен оқыған бір кітап» айналымы алдағы уақытта да жалғасын тауып, жас оқырмандардың танымын кеңейте бермек. 






