«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз»
Мектебімізде 25- ақпан күні”Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Мен оқыған бір кітап” кітап оқу айналымында 4-сынып оқушылары арасында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығына арналған «Бала Абай» атты тағылымды зияткерлік сайыс өтті! 

Бұл доданы мектебіміздің тәлімгері Айдынова Тоғжан жоғары деңгейде ұйымдастырып, “Өзін- өзі басқару ұйымы” “Мәдениет фракциясы” Серік Айару жүргізді. Сайыс барысында жас жеткіншектер шығарма мазмұнын қаншалықты терең меңгергенін көрсетіп, білімдерімен де, белсенділіктерімен де тәнті етті.
Тартысқа толы доданың нәтижесі төмендегідей:
Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болып, ерекше көзге түскен оқушыларға алғыс білдірілді. Шәкірттеріміздің алған асулары құтты болсын! 

«Ұлылықтың басында — балалық шақ тұр». Кітап оқуға деген құштарлықтарыңыз сөнбесін, жас өрендер!





