17.04.2025д күні
атты жаратылыстану онкүндігі аясында математика пәні мұғалімі Чаматаев Жалғас ағайдың ұйымдастыруымен “Үшбұрыш құрастыру” атты көңілді қоңырау өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты:
– Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
– Кеңістіктік (геометриялық) түсінігін қалыптастыру
– Бөліктерді біріктіру арқылы талдау және жинақтау дағдыларын жетілдіру
– Шығармашылық пен ұқыптылыққа баулу
– Топпен жұмыс барысында ынтымақтастыққа үйрету
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл тапсырма оқушылардың ойлауын, зейінін және құрастыру қабілетін дамытуға бағытталған.
Оқушылар белсенді қатысып, өз шеберліктерін көрсете білді. Осындай танымдық әрі қызықты шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.





