Сәуір айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Рахматуллиннің ұйымдастыруымен 8–11 сынып оқушыларына арналған
тақырыбында жиналыс өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың теріс діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу, дұрыс діни түсінік қалыптастыру және рухани сауаттылықты арттыру болды.
Жиналысқа арнайы қонақ ретінде теолог маман Сәрсенбиев Серікхан Абуханұлы қатысып, оқушыларға діннің мәні, жалған ағымдардың белгілері және олардан сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектеп басшысы Г. Туралиева және мектеп ұстаздары да қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың саналы, білімді әрі дұрыс бағытта қалыптасуына ықпал етеді.





