![]()
Маусым айында «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінде «Тапқырлық күні» қызықты әрі мазмұнды іс-шараларға толы болды.
Күн балаларды жылы қабылдаудан басталып, сергітетін бой жазу жаттығулары мен дәмді таңғы аспен жалғасты.
Күннің басты ерекшелігі – 1-топ демалушыларының Ақтау қаласындағы мұз айдынына жасаған экскурсиясы болды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен уақыттарын тиімді өткізіп, ерекше әсерге бөленді.
Лагерьде қалған балалар үшін де танымдық әрі қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды. «Тапқыр» ойынында қатысушылар логикалық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдері мен зеректіктерін көрсетті. Ал «Кім жылдам?» ойыны балалардың шапшаңдығы мен ептілігін дамытуға бағытталды.
Күннің ең көңілді сәттерінің бірі – «Әзіл мен өнер жарасқан» пародия байқауы болды. Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түскі астан кейін балалар «Монополия» ойынын ойнап, қаржылық сауаттылық пен іскерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Тынығу сәтінен соң ұйымдастырылған «Қызықты ойындар» бағдарламасында барлық қатысушылар белсенділік танытты.
Күн соңында балалар алған әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты. «Тапқырлық күні» тәрбиеленушілердің ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және достық қарым-қатынастарын нығайтуға зор ықпал етті.





