«Аққу» жазғы сауықтыру ақшатыры өз жұмысын бастады!

«№1 ЖББМ» КММ жанынан 100 баланы қамтитын, екі ауысыммен жұмыс жасайтын «Аққу» жазғы сауықтыру ақшатырының алғашқы маусымы салтанатты түрде ашылды.
📅 2026 жылдың 8 маусым күні өткен ашылу рәсімінде алғашқы ауысымға 50 оқушы қабылданып, жазғы демалыстың қызықты да әсерлі сәттері бастау алды.
Салтанатты шараға мектеп директоры Гүлмира Сабитқызы, Қарақия ауданы білім бөлімінің маманы Алтыншаш Ізбасарқызы және «Қарақия» газетінің бас редакторы Шынар Кендін арнайы қатысып, балаларды жазғы лагерьдің ашылуымен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй мен ізгі тілектерін жеткізді.
Шара барысында лагерь тәрбиеленушілері салтанатты түрде ант қабылдап, әр топ өздерінің ұрандарын жігерлі түрде орындады. Сондай-ақ, «Аққу» ақшатырының туы көкке көтеріліп, лагерь маусымының ресми түрде басталғанын айшықтады.
Мерекелік кеш оқушылардың әсем әндері мен мың бұралған билерінен құралған концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
✨ «Аққу» ақшатырының әр күні балаларға шаттыққа толы сәттер, жаңа достар және ұмытылмас естеліктер сыйласын!
  • Related Posts

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған…

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 42 views
    Қоғамдық коммуникация орталығы

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 33 views
    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 212 views
    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 44 views
    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    • От aktau
    • 15 июня, 2026
    • 28 views
    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні

    • От aktau
    • 14 июня, 2026
    • 28 views
    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні