«Аққу» жазғы сауықтыру лагерінде 10 маусым күні «Өнер» күні ерекше көңіл-күймен өтті. Күн балаларды қабылдау, бой жазу жаттығулары және таңғы аспен басталды.
Күннің маңызды сәттерінің бірі – 2-топ демалушыларының Ақтау қаласындағы мұз айдынына саяхаты болды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен демалып, ұмытылмас әсер алды.
Лагерьде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастырылды. «Әуенді тап» сайысында қатысушылар әндерді жылдам тауып, музыкалық білімдерін көрсетті. «Сән әлемі» байқауында балалар өз қиялдары мен шеберліктерін паш етіп, ерекше сән үлгілерін ұсынды.
Түстен кейін өткен «Мың бұралған бишілер» сайысында өнерлі балалар би өнерінен бақ сынаса, «Әнші болғым келеді» ән байқауында қатысушылар әсем әндерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Күн соңында белсенді қатысушылар марапатталып, балалар өз әсерлерімен бөлісті. «Өнер» күні лагерь демалушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға зор мүмкіндік берді.





