«Өнегелі 15 минут» аясында
тақырыбында 7 «Ә» сыныбында жауапкершілікке байланысты іс-шара өтті. Іс-шараны ата-ана Оразалиева Мөлдір Есетқызы өткізді. Оқушылар жауапкершіліктің отбасыда, мектепте және қоғамда маңызды қасиет екені туралы ой бөлісіп, өз міндеттерін дұрыс орындаудың адамды жетістікке жетелейтінін түсінді. Іс-шара барысында жақсы мінез, уәдеге беріктік және өз ісіне ұқыптылық – нағыз жауапты тұлғаның белгісі екені айтылды. Ата-ана Оразалиева Мөлдір дефектолог маманы ретінде кішігірім нейрожаттығу өткізді. Сабақ барысында оқушыларға түрлі түстер жазылған немесе көрсетілген карточкалар ұсынылды. Тапсырма бойынша оқушылар көрсетілген түсті шатаспай атады. Кей жағдайда жазылған сөздің мағынасын емес, боялған түсін айту тапсырылды.Ойын барысында балалардың зейіні, реакция жылдамдығы және өзін бақылау қабілеті белсенді түрде дамытылды. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытты. Кейбір балалар бастапқыда шатасқанымен, қайталау арқылы дұрыс жауап беру деңгейі артты. Зейін тұрақтылығы мен ойлау шапшаңдығында оң өзгерістер байқалды.Бұл ойын жүйелі түрде қолданылған жағдайда баланың оқу барысындағы назарын шоғырландыру қабілеті жақсарады.





