Мектебімізде
іс-шарасы өтті
Жаратылыстану пәндерінің онкүндігі аясында мектеп дәліздерінде оқушылар үшін ерекше форматтағы «Көңілді қоңырау» танымдық іс-шарасы ұйымдастырылды.
23 сәуір күні өткен бұл шараны физика пәні мұғалімі А. Азмағанбетова мен математика пәні мұғалімі Г. Үмбетқали бірлесе отырып өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
Үзіліс уақытында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Физика және математика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру;
Оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
«Көңілді қоңырау» барысында оқушылар қызықты жұмбақтар шешіп, логикалық сұрақтарға жауап берді және шағын эксперименттік тапсырмаларды орындады. Белсенділік танытқан білім алушылар өздерінің тапқырлықтарын көрсетіп, үзілісті тиімді де қызықты өткізді.
Мұндай шаралар пәндік білімді мектеп өмірімен ұштастырып, оқушылардың еркін шығармашылық ортада дамуына септігін тигізеді.





